• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚазАгро АӨК субъектілерін Қаржылық сауықтыру бағдарламасын орындап тастады 31.10.2014

Республиканың АӨК-де үлкен несиелік қарыздың проблемаларына тап болған 290-нан астам шаруашылықтар мен агроқұрылымдар қаржылық сауықтыру рәсімінен өтуге мүмкіндік алды.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі - агробизнес субъектілерінің қарыздық жүктемесін төмендету бойынша шаралардың қаржылық агенті «Агробизнес 2020» бағдарламасының мақсаттық индикаторының толық орындағанын хабарлайды, осыған қатысты 300 млрд.теңге сомасы қарыздарды қайта қаржыландыру мен қайта құрылымдау қарастырылған», - делінген хабарламада.

2013-2014 жылдар аралығында қаржылық сауықтыру бойынша шаралар шеңберінде 11 мекеме аралық Комиссия отырыстары өткізілді, оның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР АШМ, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі және қоғамдық бірлестіктер өкілдері кірді.

Комиссия шешімімен АӨК-нің 312,9 млрд. теңге сомасына негізгі қарызы бар 292 субъектілерінің өтінімдері мақұлданды. Бұл көрсеткіштің 245,3 млрд.теңге негізгі қарыз жиынтық сомасына 126 АӨК субъектілері «ҚазАгро» Холдингі» АҚ қорландыруы қаражаты есебінен мақұлданды. Қорландырудың 237,5 млрд.теңге көлеміндегі ең көп бөлігі ҚазАгро холдингімен 4,5 ай ішінде орналастырылғанын атап өктен жөн, бұл Холдинг пен Қаржылық институттардың жөнге салынған жұмысы мен өзара әрекеттестігін куәландырады.

Сауықтыру рәсімін өткізу үшін Ұлттық холдинг қорландырған қаржылық институттардың ішінде екінші деңгейлі бірқатар банктер, сонымен қатар АӨК саласында несиелік-лизингтік қызмет атқаратын - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ холдинг құрамындағы екі даму институттары бар. Жалпы қаржылық сауықтыру бағдарламасында Қазақстанның 15 қаржылық институттары қатысты.

«ҚазАгро» мамандарының айтуы бойынша қаржылық сауықтыру бойынша өткізілген шаралардың негізгі ерекшеліктерінің ішінде - 2,9 млрд.теңге сомасына мақұлданған қарызгерлер бойынша айыппұлдар мен өсімақыларды есептен шығару болып табылады.

Сонымен қатар холдинг мамандарының айтуынша бағдарламаның арқасында 25 мыңнан астам тұрғылықты жұмыс орындарын сақтап қалу және агроөндірісте 5 млн.гектардан  астам жерлерді қолдану жоспарлануда.


Back to the list