31.10.2014
«Егер, 2011 жылы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін 1,3 млрд теңге бөлінсе , 2014 жылдың қорытындысы бойынша ол 3 млрд теңгені құрады», - деді Н. Садуақасов.
Сонымен қатар оның айтуынша, соңғы 3 жылда аймақта 380 заңды және жеке тұлғаларға қаржылай көмек көресетілсе, қаржылай емес құралдарды пайдаланған кәсіпкерлердің саны 5 мың адамнан асты.
«Бизнестің жол картасы сұранысқа ие және тиімді бағдарламалардың біріне айналды. ШОБ қолдау көрсету олардың санын 2010 жылдағы 33 мыңнан 42 мыңға дейін арттыруға септігін тигізді. Бүгінгі таңда экономика секторында экономикалық белсенді халықтың 30% қамтылған және ЖӨӨ 29%-ы ШОБ тиесілі», - деп сендірді Н. Садуақасов.
Индира Кауметова