29.10.2014
«Жаркент қаласындағы Сарсыбековтар отбасы өздерінің несиесі бойынша пайыздық үстем ақыны 7%-ға арзандатып алды. Жалпы, отбасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаумен 26 млн теңгені несиеге алды», - делінген хабарламада.
«Банк және Даму қорымен ынтымақтастығымыз бизнесімізді үлкен тәуекелсіз одан ары дамытуға мүмкіндік берді. Мемлекет несие бойынша пайыздық үстемақының басым бөлігін өтеп отыр, ол өз кезегінде алаңсыз кәсібімізді дамытуға септігін тигізеді», - деп атап өтті кешеннің қожайыны Серік Сарсыбеков.
Кәсіпкердің айтуынша, қанақ үй кешені заманауи технологиялармен жабдықталған және Wi-Fi қарастырылған 26 номерден тұрады, сонымен қатар, салтанатты кештерді өткізетін зал, караоке бар, дүкен мен сұлулық салоныда бар.