• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ж. Қасымбек: 2015 жылы Қазақстанда ИКАО стандарттары бойынша 2 оқу орны ашылады 29.10.2014

«ИКАО стандарттарының сертификатына сай келетін елімізде бірде-бір оқу орны жоқ. Қазіргі таңда «Тянь-Шань» оқу орталығымен бірлесіп белсенді жұмыс істеп жатырмыз және жыл соңына дейін аиталмыш талаптарға сай сертификат алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар азаматтық авиацияның оқу орталығы ашылады. Фин тарабымен бірлесе отырып оқу бағдарламасы дайындалды. 2015 жылы жазғы тәжірибеге мүмкіндік беретін екі оқу орны ашылмақ. Олар «Тянь-Шань» оқу орталығы мен азаматтық авиация орталығы», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жыл сайын шет елдерде авиациялық мамандықтар бойынша қазақстандық 200 студент білім алады. Олар Литва, АҚШ, Испания, Ирландия, Финляндия мен Бельгияда оқиды. Осы елдерде оқыту себебіміз Қазақстанда әлемдік талаптарға сай оқу орындарының болмауы мен материалды-техникалық базаның болмауы мен жазғы тағылымдама өту мүмкіндігінің болмауы.  

Индира Қауметова


Back to the list