28.10.2014
«Бүгінде егін жинау науқанының басынан бастап 2014 жылғы 24 қазанға дейін астық қабылдау пункттеріне 5 млн. тоннаға жуық жаңа егін астығы келіп түсті. Оның ішінде 4,2% бидай, 80% -үшінші , қалғаны төртінші сұрып. Сондай-ақ, егін жинау науқанына тағы қосымша 3 тонна дизельді отын бидайды кептіру үшін бөлінді»,- деді С.Хасенов.
Ведомсвтодан атап өткендей, 24 қазандағы жай-күй бойынша облыстардың операторлары 27,7 мың тонна дизель отынына немесе жоспарланған көлемнен 52% төлем жүргізді. Астық кептіруге арналған 20,1 мың тоннаға жуық (38%) дизель отыны тиеп жөнелтілді.
«2014 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 13,1 млн. гектардан астам (87,5%) жиналып, 12,3ц/га орташа өнімділік кезінде 16,2 млн. тонна астық басылды», - делінген ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Бұдан басқа, салалық министрлікте астық шығыстары мен сапасының төмендеуі ағымдағы жылы астық бағысының артуы есебінен өтеледі, деп сендірді.
«Астық құнына қатысты 2014 жылы 3 сынып жұмсақ бидайына баға ішкі нарықта тоннасына 42 000 теңгеге жуық қалыптасуда, бұл өткен жылғы деңгейден біршама жоғары (тоннасына шамамен 25000 - 28 000 теңге), 4 сынып бидайының құны тоннасына 36 000 теңге, 5-сынып -28 000 теңге құрайды», - деп АШМ-нан хабарлады.