• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлттық палата шаруалар несиесінің әрекет ету мерзімін ұзартуды сұрады (Брифинг бейнебаяны) 28.10.2014

«ҚазАгро» арқылы Қазақстан Үкіметінің бөлген бюджеттік несиелерді жабу ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің алдындағы жаппай орындалмай жатқан міндеттерінің біріне айналып отыр. Яғни ӘКК кепілдігінің қарамағындағы корпорациялар мен үлескер құрылымдары арқылы бөлінген 20 млрд теңге мен екінші деңгейлі банктер арқылы бөлінген 20 млрд теңге қазіргі таңда үлкен мәселеге айналып отыр», - дейді Ошақбаев.

Оның айтуынша, төмен сападағы астық пен жоғары деңгейдегі ылғалдылық шаруалардың міндетті төлемдерін төлеуге мүмкіндік бермей отыр. «Осыған орай біз «ҚазАгродан», Үкіметтен, Ауыл шаруашылығы министрлігінен несие мерзімін ұзартуды қарауды сұраймыз», - дейді.

Р.Ошақбаевтың пікірінше, «ҚазАгро» үлескер ұйымы директорлар кеңесі, «ҚазАгро» директорлар кеңесі деңгейінде шешім қабылдау керек. «Қазгидромет» анықтамасы, есептен шығару акті, ору компаниясы қорытындысы бойынша егістік туралы АШ-29 есебі түріндегі ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің кәдімгі құжаттарды жинауы керек», - дейді басқарма төрағасы орынбасары.

Камила Амирова


Back to the list