• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысында ШОБ-тің 32 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді 28.10.2014

Департаменттің хабарлауынша, солардың ішінде 3,6 мыңы заңды тұлға, 26,3 мыңы жеке кәсіпкер болса, 3 мыңы шаруа қожалығы. 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 4,2%-ға артып, 128,6 мың адамды құрады.

Облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы жұмысшылар саны 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша 206,3 мың адамға жеткен. 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы айлық орташа номиналды жалақысы 98 338 теңгені құрап, 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8,7%-ға артты. Нақты жалақы көрсеткіші болса 1,9% ұлғайған. 

 

 


Back to the list