• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тауар  өндірушілерге «Егінжай» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңгенің 520 несиесі берілді 27.10.2014

«Егінжай» бағдарламасы 2010 жылы өсімдік шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кеңінен қолдау аясында дайындалды. Көктемгі егістік және күзгі ору жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін несиелеу мына шарттармен жүзеге асырылады: несиелеу мерзімі 3 жылға дейін, сыйақы үстемесі  жылына 9,5%, тиімді сыйақы құны жылына 10,2%, берілетін қаражат көлемі 1-6 млн теңге аралығы», - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, СҚО-да биыл «Егінжай» бағдарламасы бойынша 380 млн  теңгенің 95 жобасы қаржыландырылса, Қостанай облысында 315,6 млн теңгенің 98 жобасы қаржыландырылды.

2010-2014 жылдары «Егінжай» бағдарламасын іске асыру кезінде қор өзіндік қаражаты есебінен 4 млрд 566 млн теңгенің 1615 жобасына қаржылық қолдау көрсетті.


Back to the list