23.10.2014
«Аталмыш бағдарламаға 3173 тұрғын қатысты, олардың 131-і мүгедек. Айта кетерлік жайт, жоспар бойынша бір жылда 2793 жұмыспен қамту көзделген болатын», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, облыста 484 тұрғын білімін жетілдіріп жатса, 319 арнайы оқу курсын тәмәмдады. Ал, әлеуметтік және жастар тәжірибесіне 1758 адам орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы 3 бағыттан тұрады. Алғашқысы инфрақұрылымдар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылғын жетілдіру арқылы жұмыспен қамту болса, екіншісі кәсіпкерлікті және ауылдарды дамыту арқылы жұмыспен қамту, соңғысы қайта оқыту курстары арқылы жұмыспен қамту.