• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Іскерлік байланыстар»  жобасы аясында Германияда қазақстандық кәсіпорындардың 500 жетекшісі тағылымдамадан өтті 23.10.2014

«Даму» қоры хабарлағандай, биылғы жылы қорытынды конференция Германия-Қазақстан басқару кадрларын даярлау бағдарламасын іске асырудың басталуына 10-жыл толуына орайластырылып отыр.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметовтың айтуы бойынша, Германия-Қазақстан басқару кадрларын даярлау бағдарламасын іске асыру барысында Германияда қазақстандық кәсіпорындардың шамамен 500 жетекшісі тағылымдамадан өтті», - делінген хабарламада.

Бұл орайда, 2011 жылдан бастап, бұл бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» аясында «Іскерлік байланыстар» жобасы түрінде іске асырылып келеді. Жоба жүзеге асырылған төрт жыл ішінде Германияда тағылымдамадан 158 адам өткен, ал АҚШ-та – 146 адам. Германиядағы тағылымдамаға қатысушылар жыл сайын орташа 4,5 млн. евро сомасына келісімшарттар жасаса, ал АҚШ-та тағылымдамаға қатысушылар – орташа 5 млн. АҚШ долл. көлеміндегі келісімшарттарға қол жеткізеді.

 


Back to the list