• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда іскерлік сапарлардың қауіпсіздігі мен басқару туралы мәселелер талқыланды - ИДМ 22.10.2014

Бұл шараның ұйымдастырушысы – Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі туристік қызмет көрсетудің жетекші компаниясы Abacus International.ACTC конференциясына ҚР Инвестиция және даму министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы, ассоциациялар өкілдері, авиакомпаниялардың басшылары және халықаралық сарапшылар қатысты.

ИДМ хабарлағандай, шараға қатысушылар іскерлік сапарлар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әлемдік озық  тәжірибелерді және саяхат жасау барысында қауіп-қатер тәуекелін басқару мәселелерін  талқылады.

 «АСТС – іскерлік сапарларды басқару жөніндегі тәжірибе алмасудың Орталық Азиядағы жалғыз алаңы болып табылады. Ол Қазақстанда осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Биылғы жыл көлік оқиғалары, азаматтық соқтығысулар және табиғат апаттары жөнінен алаң туғызарлықтай күрделі болды, сондықтан қауіп-қатер тәуекелін барынша азайтып, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Сол себепті шараға қатысушылар дәл осы мәселелерді талқылады.», – деп атап өтті Abacus Central Asia компаниясының директоры Павел Спицын.

 


Back to the list