• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қарағандыда 180 техника бірлігі қыс маусымында қаланы тазалайтын болады 22.10.2014

«Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қыс маусымына әзірлік барысын бақылау мақсатында арнайы техниканың дайындығын тексерді. 

«Шахтер» стадионының артында орналасқан Олимпиский көшесінің бойында қысқы маусымда қала ішін және облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға арналған 180 бірлік арнайы көлік тізілді», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі қысқы маусымға дайындық – жылу беру, ыстық су мен электроэнергияны тексеруден ғана тұрмайтынын айтты. Бұл тізімге көлік жолы мен қала ішін тазалауға арналған арнайы техникалар да енеді,- деді ол.

«Бұл жерде барлық көліктер емес, облыс бойынша қысқы маусымда қар тазалауға арналған арнайы 670 техника бар. Оның ішінде 30 көлік ағымдағы жылда сатып алынды», - деді аймақ басшысы.

Нұрмұхамбет Әбдібеков қысқы маусымда халыққа коммуналдық қызмет көрсетудің қаншалықты қиын болатынын да жеткізді. Бұл саланың қызметкерлері екі ауысымда жұмыс істейді. 

 


Back to the list