21.10.2014
Әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан ҚР-дағы жеңіл өнеркәсіп саласы индустрияландырудың бірінші бесжылдығында жыл сайын өсіп отырды. 2010-2013 жылдары өндірілген өнім көлемі 0,3 млрд-тан 2,5 млрд теңгеге артты. Ал 2014 жылдың айында 3,5 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап салада 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 14 жаңа өндіріс пайдалануға берілді.
«2014 жылдың 9 айының қорытындысына сай, жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 46 млрд теңгені құрады. Соның ішінде текстиль бұйымдарының үлесі 23,4 млрд теңге, киім-кешек өнімі 19,8 млрд теңге, былғары мен осыған қатысты өнім түрлерінің үлесі 3,5 млрд теңгеге жетті. Аталмыш көрсеткішке жетуде қозғаушы күшке айналған сектор текстиль өнімдері, дайын киім, сырт киім мен трикотаж, машинамен және қолмен тігілген киімдер, киім бұйымдары, киімді сәндеуші заттар, тері мен табиғи былғары өндірісі саласы», - дейді А.Ержанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, саладағы еңбек өнімділігі көлемі 2012 жылғы 14 мың доллардан 2013 жылы 15 мың долларға ұлғайды.
Индира Қауметова