21.10.2014
«ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 34 635,5 млн.теңгені құрайтын мүлікті жария етуге 4 047 өтініш түсті», - делінген хабарламада.
Оның ішінде тұрғын нысандарын жария етуге 29,3 млрд. теңгенің 3 965 тұрғын үй нысанын заңдастыруға; 10,7 млрд теңгенің 2 018 тұрғын үй емес нысанын, оның ішінде 5,6 млрд теңгенің 392 коммерциялық нысаны бар және 0,7 млрд. теңгенің заңдытұлғадағы үлесін заңдастыру бойынша өтініштер келіп түсті.
Аталып өткендей, 21.09.2014 жылғы жағдай бойынша салық органдарына ҚР шегінен тыс мүлікті жария етуге өтініштер түскен жоқ.
Сонымен қатар, хабарланғандай, мүлікті жария ету бойынша келіп түскен өтініштер саны бойынша Алматы облысымен Алматы қаласы көшбасында (1363 және 1224 өтініш сәйкесінше). Азаматтарының белсенділгі бойынша Ақтөбе облысы үшінші орында тұр. Ал, соңғы орында 26 өтінішпен Маңғыстау облысы.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 10.10.2014 жағдай бойынша екінші деңгейлі банктерде 14 жинақтаушы есепшоты ашылды, оларға барлығы жария ету үшін 1 714,4 млн теңге салынған. Оның ішінен 334,6 млн теңгесі жинақтаушы есепшотынан шешіліп алынды, бюджетке 37,2 млн теңгесі жерия еткені үшін төленсе, 1,0 млн теңгесі ҚР экономикасына инвестицияланды.