• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 5 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде – Келімбетов 21.10.2014

«Үкімет 2014 жылдың республикалық бюджетіне өзгерістер енгізуді қарастыруда. Жалпы, ЖІӨ өсімі 5 пайызды құрайды», - деді ол.

Қ. Келімбетов атап өткендей, 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4-5 пайыз көлемінде тұрады.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мәжілісте 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстыруында ЖІӨ өсімі 5,3-6,8 пайыз деңгейінде тұрақтайтынын айтқан болатын. «Болжам бойынша ЖІӨ өсімі 2015 жылы 45 трлн  теңгені құрап, 2019 жылы 72,8 трлн теңгеге өседі», - деді Досаев.

Камила Амирова


Back to the list