• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлттық банк: Бір доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 170-188 теңге дәлізі аралығына болады (Брифинг бейнебаяны) 21.10.2014

«Біздің ойымызша, долларға шаққандағы теңгенің бағасы 170-188 теңге болып қалса, теңдік сақталады және әлемдегі үлкен өзгерістердің барлығын ескергендегі ең тиімді дәліз осы. Шекті дәліз 188 теңге,  150 теңге деңгейімен салыстырғанда, 25%-ға төмендеді»,- деді К. Келімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында валюталық түзету жүргізілді. Теңгенің бағамы 150 теңге дәлізінен 185 теңге дәлізінен 185 теңге дәлізіне көтерілді ( 182 ден 188 теңгеге дейін, толықтырды Қ. Келімбетов). «Ағымдағы жылдың ақпан айында жүргізілген валюталық түзеу бүгінде байқалып отырған өзгерістердің барлығын ескерді»,- деп есептейді ол.

«Бүгінде біз басылым беттерінде девальвация болатыны туралы түрлі пікірлер айтылуда. Жалпы, ақпан айында қабылданған дәліз ол өте берік және оның қоры жеткілікті», - деп сендірді ол.

Камила Амирова


Back to the list