21.10.2014
«Жөндеу нәтижесінде ҰҚЖ-ы 30 см қалыңдығы бар цемент-бетонды жамылғымен күшейтілді. Жұмысқа 205 адам мен 61 техника бірлігі тартылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, әуежайда жарықпен ескерту құрылғыларын ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл шектеулі көру мүмкіншілігі болған жағдайда әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Барлық шараларды жүзеге асыру 2015 жылға қарай Орал әуежайы параметрлерін ИКАО талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
ҰҚЖ жөнделуі қыркүйек айында басталды. Реконструкцияның бірінші кезегі қараша айының ортасында аяқталуы жөнінде Азаматтық авиация комитетінің басшылығы хабарлаған болатын.