21.10.2014
«Дайындық, жүзеге асыру жеделдігі, жобалардың тиімділігі, жеке дайындық, жоба иесінің кәсіпкерлік қабілеттерінің болуы секілді талаптар бойынша қазылар бастауыш кәсіпкерлердің идеяларын бағалады. Жалпы байқауға 11 адам қатысты. Олардың арасында отын брикеттері, жанармай, сүт өнімі, бекіре, апорт алмасын өсіру өндірісі, Павлодар қаласына 3D саяхат сынды жобалар бар», - делінген хабарламада.
Үздіктерді іріктеу бойынша ауқымды жұмыс істей отырып қазылар мүшелері команда жобаларын таңдады. Павлодар қаласында 360 градус саяхат жасау идеясы Алматыда апталық оқудан өтіп қайтатын болды.
«Жобалар ерекше. Дегенмен кейбірі байқау талаптарының үдесінен шықпай жарыстан шеттетілді», - дейді қазылар мүшесі, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрлан Алиев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Бизнес-серпін» байқауының 2-ші кезеңі басталды. 10-31 қазан аралығында байқаудың сараптамалық кеңесі Қазақстанның Талдықорған, Шымкент, Өскемен, Петропавл, Астана, Қостанай, Ақтөбе, Алматы қалаларын аралайды. Республика бойынша байқауға жалпы саны 236 жоба келіп түскен.