• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Қабылдин: ҚазТрансОйл акциялары қазақстандық қор нарығындағы  ең өтімді құнды қағаздар 21.10.2014

Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте  «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдин хабарлады.

2012 жылы «ҚазТрансОйл»АҚ өзінің барлық қарапайым акцияларын «Халықтық ІРО»  бағдарламасы аясында қор биржасына орналастырды. Қ. Қабылдинның айтуынша,  «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» ІРО - ол бірінші кезекте мемлекет байлығын халыққа бөліп беру деп көрсетілген.

«Өткен жылы болған жақсы қаржылай көрсеткіштердің арқасында біз дивидендтерді төлеу үшін 41,9 млрд немесе 1 акцияға 109 теңге аудардық. Бүгінде «ҚазТрансОйл» АҚ  акциялары қазақстандық қор нарығында ең өтімді құнды қағаздар болып табылады. Күнделікті КТО-ның акция саудасының көлемі қазақстандық биржадағы сатылатын құнды қағаздар көлемінің 30%-нан кем емес», - деп сендірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы. КТО-ның 5,5 км мұнай құбыры, 2,1 км-ден астам магистралды су құбыры мен 8 мыңнан астам жұмысшысы бар. Оның өндірістік  нысандары еліміздің Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылордай, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Индира Кауметова


Back to the list