21.10.2014
«ҚазТрансОйл» - елдегі ең ірі компаниялардың бірі. Біз «Халықтық IPО» бағдарламасының бірден бір әріптесіміз. Шамамен 35 мың қазақстандық азамат акционеріміз болып отыр. Жолдауда да айтылғандай, IPO – жекешелендірудің жаңа кезеңі. Осы арқылы мемлекет халыққа тиесілі активтерді елдің өзіне беруде», - дейді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда өндірілетін мұнайдың 60 пайызға жуығы ішкі және сыртқы нарыққа осы компания арқылы тасымалданады. «ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушылары немесе пайдаланушылары ретінде қазіргі таңда 80 мұнай өндіруші компания бар. Олардың арасында шетелдіктердің қатысуымен Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялар да бар.
Сонымен қатар, акционерлік қоғам жұмыс істеп тұрған мұнай құбыры желілерін кеңейту жұмыстарымен де айналысуда.
«Біз Қаламқас-Қаражамбас, Қаракәрім-Атасу учаскелеріндегі мұнай құбыры желілерін кеңейту мен жаңғырту жұмыстарына да көңіл аударудамыз. «ҚазТрансОйл» Стратегиясында жүйеміздің тасымал қуаттылығын арттыру жұмыстарына басымдылық беру, қазақ-қытай мұнай құбыры желілерін дамыту, өндіріс қуаттылығын арттыру, сонымен қатар оны тасымал көлемін көбейту, Қашаған кен орнындағы жұмыстарға жан бітіру секілді жұмыстар белгіленген», - дейді.
Индира Қауметова