21.10.2014
«2013 жылдың қорытындысы бойынша 63 млрд теңге көлемінде пайда таптық. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 90%-ға көп. Бүгінгі таңда біздің компания IPO шықпас бұрын жарияланған инвестициялық меморандумға сәйкес тапқан табысының 40%-дан кем емес бөлігін өз акционерлеріне дивиденд ретінде төлеуге тиісті. Акционерлерге 2012-2013 жылдарда төленген дивиденд сомасы 70 млрд теңгедей болды. Біз ҚР-дағы ірі салық төлеушілердің біріміз. 2013 жылы біз Қазақастанның мемлекеттік бюджетіне салық, салым және төлемдер түрінде 39 млрд теңгеге жуық қаражатты төледік», - деп түсіндірді Қ.Қабылдин.
Оның үстіне, Қ.Қабылдиннің айтуынша, компания отандық МӨЗ мұнай тасымалдатын басты компанияның бірі. МӨЗ жөнелтілетін мұнайдың 98% ҚТО-ның желісі арқылы жөнелтіледі.
Сондай-ақ, КТО-ның бүгінде 5,5 мың км мұнай құбыры, 2,1 мың км-ге жуық магистралды су құбыры, 37 сорап станциясы бар.
«Біздің резервтік паркіміз бар, ол 1,5 млн текше метрдей мұнай тауарын сақтауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялардың арқасында біз Қазақстандағы тиімді, әрі қауіпсіз мұнай тасымалдау жүйесін жасақтадық», - деп мәлімдеді Басқарма төрағасы.
Индира Кауметова