• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ-ті қолдау бағдарламасы өзін-өзі толық ақтап шығады – Бишімбаев 20.10.2014

 «Өндірістік өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау бағдарламасы болашақта әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өзінің жақсы нәтижесін береді. Мысалы, алдағы 20 жыл ішінде осы салада 13 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Жыл сайын бюджетке салық ретінде 7 млрд теңге түседі, 20 жыл ішінде қазынаға құйылатын салық 250 млрд теңгеге жетпек»,-дейді Қ.Бишімбаев. 

Холдинг басшысы жалпы, бағдарлама 100 млрд теңгені құрағанын айтты. Аталмыш жобаларды банктер қарастыруда.

«Бір жыл ішінде жаңа қаржыландырылған кәсіпкерліктер мемлекетке 7 млрд теңге төлейді», - деді ол.

«Даму» қоры банктерде несиелік желі ашып, банктер өз кезегінде шағын және орта бизнестің кәсіпорындарына алты пайыздық үстемақымен қаржы берді. Жалпы, осы қаржы арқылы республика бойынша 437 кәсіпорын қаржыландырылды. Жаңадан 23 жоба іске қосылды. Бүкіл республика бойынша 4,5 мың жаңа жұмыс орыны ашылды», - деп түсіндірді Қ.Бишімбаев. 

Индира Қауметова 


Back to the list