20.10.2014
«Бағдарлама нәтижесінде 4,5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңадан 23 кәсіпорын құрылды. Азық-түлік өнеркәсібі саласы жаңа жобалар бойынша 25,5 млрд теңге алып, егер мұнда қайта қаржыландыруға бағытталған қаражаттарды да қоссақ, онда азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарына бағытталған қаражаттың жалпы құны 38 млрд теңгеден асып кетеді. 20 жылда осы саладағы жобаларды іске асыру арқылы 13 мың жаңа жұмыс орнын ашатын боламыз. Соның 4,5 мыңы қазірдің өзінде ашылған», - дейді Қ.Бишімбаев.
Сонымен қатар, холдинг басшысының айтуынша, ескі жобалар бойынша қайта қаржыландыру көрсеткіші 27 млрд теңгені құрайды, ал 73 млрд теңге жаңа жобаларға бағытталған.
«Бұл терең талдауымыздың маңызды тұсы. Өйткені үкімет әу баста барынша көп жобаны қаржыландыруды көздеді. Бағдарламаның орындалу барысына қарай отырып, біз тапсырманың өз деңгейінде орындалып жатқанын айта аламыз», - дейді.
Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама бүгінгі таңда азық-түлік әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.
«Бағдарламаның ары қарай жалғасын табуы республикадағы азық-түлікпен қамту мәселесін жолға қоймақ», - дейді.
Индира Қауметова