19.10.2014
«2014 жылдың 7 айы бойынша Павлодар облысының Ресейге шығаратын азық-түлік тауарлары экспортының көлемі 1 809,9 мың АҚШ долларын құрады. «СҮТ» АҚ ресейлік нарықты сүт өнімдерімен қамтамасыз етсе, «SMAK-PV» ЖШС Ресейдің 12 өңіріне жартылай дайын азық-түлік өнімдерін саудалап келеді. Аталған екі кәсіпорынның жұмысымен танысуға келген аймақ басшысы Қанат Бозымбаевқа кәсіпорын басшылары өз өнімдерін нарыққа шығарудың перспективалық жоспарлары туралы айтып берді», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, аймақ басшысы Қ.Бозымбаев облыс әкімдігі тарапынан шикі затты жеткізу бойынша тиісті қолдау көрсетілетіндігін айтты.
«2013 жылдан «СҮТ» АҚ өндірісті жаңғыртуды қолға алған. Осы мақсатта өткен жылы 158,0 млн. теңге, ал биыл 151,0 млн. теңге жұмсалған. Кәсіпорын тәулігіне 200 тонна сүтті өңдейді», - деді басқарма төрайымы Гүлшат Мұхаметжанова.