• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ШОБ  өсу жағдайындағы шағын несиелеу мәселелері талқыланды 17.10.2014

"Үкіметтің тапсырмаларын орындау барысында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры "Шағын және орта бизнестің өсуі жағдайында шағын қаржыландырудың жаңа парадигмасы" атты форум өткізді. Сондай-ақ, шараны ұйымдастырушылардың қатарында - БиДжи Казахстан компаниясы, Қазақстанның шағын қаржы ұйымдар Ассоциациясы, Қордың еншілес компаниясы - Шағын несие ұйымдарды қолдау орталығы», - делінген хабарламада.

Соңғы айдың ішінде шағын қаржы саласы, Қазақстанның шағын қаржы ұйымдары Ассоциациясы өкілдері бастамаларын қарастыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінде бірнеше жиналыс өткізілген.

Форум қатысушыларына үндеу сөзбен БиДжи Қазақстан компаниясының саяси және корпоративті компаниялар бойынша кеңесшісі Жанар Жәкеева, Қазақстанның шағын қаржы ұйымдары Ассоциациясының директоры Анатолий Глухов, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры басқарма төрағасы Нармұқан Сарыбаев.

Форум жұмысына мемлекеттік органдар, қаржылық және қоғамдық ұйымдар, даму институттары, халықаралық, коммерциялық, шағын несие ұйымдарының өкілдері қатысты.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Нармұқан Сарыбаев панельдік сессияда сөйлеген сөзінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің 84% бакнтік қаржыландыруға қол жеткізе алмайтынын айтты. ОЭСР есебінің мәліметтері бойынша, 200 мың ауылдық кәсіпкер шағын қаржыландыруды қажет етеді.

Дөнгелек үстелдің аясында Үкіметтің тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстар мен шағын қаржы ұйымдарды қолдаудың мемлекеттік шаралар талқыланды. Кездесу екі жақтың өкілдеріне - сала реттеуші және қаржы ұйымдарға да диалогтық алаңға айналды.


Back to the list