17.10.2014
Көшпелі мәжіліске еліміздің белгілі ғалымдары мен өңірдің кәсіпкерлері қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында: «Атакент» көрме кешенінің бас директоры, ҚР ҰИА мүшесі, академик Х.А.Абдуллаев, «Казсельэнергопроект институты» ЖШС-нің бас директоры А.С.Трофимов, «Экоэнергомаш» ЖШС-нің бас директоры А.В.Болотов, «Электроаппарат» ЖШС зауытының бас директоры А.С.Суворов мырзалар жарыссөзге шығады. Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры У.С.Мырхалыков, «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов, ТарТУ ректоры С.С.Жүнісбеков, ОҚМ ПИ ректоры О.А.Аяшев мырзалар және қонақтар бар.
Кездесу барысында болашақта ғалымдар мен ҚР ҰИА-мен бірлескен жобалары туралы да қаралады. Күн тәртібінің әтүрлі мәселелерінде Оңтүстік Қазақстан облысының белгілі ғалымдары мен инженерлерін марапаттау рәсіміне кезек беріледі.
Сондай-ақ, одан әрі алда өткізілетін «Болашақтың энергетикасы: инновациялық жобалар және оны жүзеге асыру әдістемелері» атты Бүкілдүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі туралы ақпараттар берілетін болады.Сондай-ақ инженерия саласының мамандары қуат көздерін тұтынудың жаңа үлгілерін өндіріске енгізу жолдары турасында пікір алмасатын болады.