17.10.2014
«2014 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1 587,7 млн теңге бөлінді, оның ішінде субсидиялау бойынша 1 193,8 млн теңге, кепілдендіру бойынша 40,0 млн теңге, сервистік қолдау бойынша 61,5 млн теңге, грант ұсыну бойынша 10,0 млн теңге, индустрияландыру құрылымы бойынша 282 млн теңге бөлінді», - деді әкім.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жыл басынан бері өңірлік үйлестіру кеңестері 8,8 млрд теңгенің 37 жобасын субсидиялауды мақұлдады. Аталмыш бағдарламаға қатысу кәсіпкерлерге түрлі сала бойынша жаңа шағын дәне орта бизнес объектілерін құруға мүмкіндік берді. Осы арқылы 583 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Мемлекеттік грантты беру бойынша 3 млн теңгенің бір жобасы мақұлданды. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 30 087-ні құрады. Ал биылғы жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 105,4 млрд теңгені құрап, 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,6 пайызға артық көрсеткішті көрсетті», - дейді Б.Ізмұхамбетов.
Индира Қауметова