• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Самұрық-Қазына АҚ директорлар Кеңесі «Халық ІРО» аясында «KEGOC» акцияларын саудаға шығарудың негізгі параметрлерін белгіледі 17.10.2014

«Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңының талаптарына сәйкес аталған шешімді Қордың жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуі тиіс. Ал акцияларды сатуға шығару шарттары туралы толымды ақпарат Үкіметтің тиісті Қаулысы қабылданған соң жарияланатын болады», - деп хабарлады Ұлттық компания.

Сонымен қатар, Қордың директорлар Кеңесі консультациялық қызметке жұмылдыру барысында мүдделер қайшылығының алдын алу жөніндегі Саясатты бекітіп берді. Ол болуы мүмкін мүдделер қайшылығын ерте анықтап, алдын алуға септесіп, оны басқару қағидаларын белгілейді.

«Тәжірибе жүзінде мүдделер қайшылығы алынған құпия ақпаратты жариялау мен компанияға қарсы пайдалану; салдарынан шын мәніндегі шығын мен табысты жоғалту; активтерден айырылу; іскерлік беделге нұқсан келтіру сынды айтарлықтай салдарын тигізуі мүмкін. Осы орайда, Қор консультанттармен қарым-қатынас орнатуда қазір пайдаланылатын тәжірибені болуы мүмкін мүдделер қайшылығын болдырмау тұрғысынан қайта қарайтын болады»,-деді директорлар Кеңесіне құжатты таныстырған баяндамашы, «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі Бас директоры - Басқарма Мүшесі Талғат Сәрсенбаев.


Back to the list