• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тұрғын үй құрылыс банкі 2015 жылы қаржылық  жүктеменің  20 пайызға төмендеуін болжауда 14.10.2014

«Қаржы институты үш бағытта қолдау көрсетіп келеді, алғашқысы - әкімшілік және қаржы кедергілерін төмендету, екіншісі - заманауи технологияларды енгізу, үшіншісі - банк жұмысының ашықтығы», - деді  А.Жұмағұлов.

Сондай-ақ, ол, өткен жылы Елбасының қарапайым халықтың құрылыс жинақ жүйесіне қатысуы үшін қаржы шарттарын жеңілдету бойынша тапсырма бергенін еске салды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша банк жедел әрекет ете бастады. Белгілі болғандай, банк жыл бойы қаржылық жүктемені  30%-ға дейін төмендетті. Кейбір комиссия түрлерін жойып, сыртқы жеткізушілермен жұмысымызды жандандырдық»,- деді ол.

2015 жылдың болжамы бойынша қаржылық жүктемені  тағы 20%-ға төмендетуді көзделуде. Сонымен, нотариус бойынша комиссия 22 мыңнан  7 мыңға дейін, бағалау компаниялар бойынша комиссия екі есе төмендеді.

«Тұрғын үй құрылыс  банкі сақтандыру компанияларымен де жұмыс істеуде. Олар бойынша комиссияны 20%-ға дейін төмендету жоспарлануда»,- деп басқарма төрағасы түйіндеді.

Камила Амирова


Back to the list