14.10.2014
Майдандық және армиялық авиациялардың ұшақтары қатысқан оқу-жаттығу барысында әуедегі және жердегі нысаналар бойынша басқарылатын зымырандар жіберілді. Жауынгерлік басқарма офицерлері жоспарлау және бағыныстағы бөлімшелерді басқару мәселелерін пысықтады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
ҚР ҚК Парашют даярлығы орталығының мамандары армиялық авиация бөлімшелерімен бірлесіп, Ми-17 және ЕС-145 тікұшақтарымен диверсиялық-барлау топтарын түсіру, апатқа ұшыраған ұшу экипаждарын құтқару тапсырмаларын жүзеге асырды.
Оқу-жаттығу жетекшісі Әскери әуе күштерінің қолбасшысы полковник Дәурен Қосанов жаттығу барысында негізгі мақсатқа қол жеткізілгенін атап өтті.
«Жеке құрам жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуде жақсы тәжірибе мен дағды алды», - деді ол.