• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да бельгиялық «VanHool» компаниясымен бірлесіп  автобус өндірісін жүзеге асыру жоспарлануда – әкімдік 13.10.2014

Облыс әкімдігі бельгиялықтардың аймақта автобус шығару бастамасын қолдады.

«Бүгінгі таңда бізде 42 машина жасау кәсіпорны бар, олар жақсы қондырғымен жабдықталған, сондай-ақ, жоғары мамандандырылған ұжым да бар. Біздің өңірде бұл бастама тиімді болады», - деді әкім.

Автобус зауытының ұйымдастырушысы Ян Ван Хул, өз кезегінде компания жоспарында шағын автобустардың құрылысынан бастау жоспарланған, кезең-кезеңімен өндірісті ұлғайту көзделіп отыр. «Біз үрдіс ұзаққа созылатынын білеміз,алайда  оның тұрақты және сенімді қызмет болатынына сенімдімін», - деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша, аймақ басшысы қысқа мерзім ішінде аталмыш жобаның бірлескен жоспарын дайындауды тапсырды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда «VanHool»  - Еуропада автобус шығаратын ірі кәсіпорын. Жыл сайын ол 1300-1500 автобус, 3500 тіркеме шығарады, оның көп бөлігі әлемнің әр түрлі еліне экспортталады. 


Back to the list