10.10.2014
Өңірде аграрлы несиелік корпорациялар арқылы 2014 жылы 1805,5 млн теңгенің 14 несиелік серіктестігі қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚазАгро.
Холдингтің өзге үлескер компаниясы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы облыстағы шағын және орта бизнестің 584 субъектісі 1 млрд теңгенің шағын несиесіне қол жеткізді. Соның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 887,1 млн теңгенің 448 шағын несиесі берілді.
Сонымен қатар, облыс шаруалары 4,8 млрд теңгенің 264 техникасын сатып алу келісіміне қол қойды. ҚазАгроның инвестициялық портфелінде облыс бойынша жалпы құны 30,6 млрд теңгенің 41 жобасы жатыр. Соның ішінде бүгінгі таңда жалпы құны 27,5 млрд теңгелік 35 жоба қолға алынды. Нәтижесінде, 889 жаңа жұмыс орны ашылды.