10.10.2014
«Бағдарлама несиелік лизингтік міндеттемелердің сыйақы мөлшерлемесінің теңге бойынша 7 пайызға, шетелдік валютасы бойынша 5 пайызға төмендеуін қарастырады. Мал шаруашылығы мен мал азығы өндірісі салалары үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғыларын сатып алу мақсатында жасалатын несиелік келісімшарттар бойынша несие теңгемен алынған жағдайда сыйақы мөлшерлемесі 10 пайызға, шетел валютасы болса, жылдық 7 пайызға төмендетіледі», - деді А. Сұлтанов.
Бағдарлама шартына сәйкес,субсидиялауға несиелер мен лизингтер де рұқсат етіледі, олардың номиналдық сыйақы мөлшерлемесі теңге бойынша жылдық 14 пайыздан, шетел валютасымен 10 пайыздан көп болмайды.
Жалпы, мемлекеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғылары лизингіне және агробизнесті дамыту мақсатындағы ақшалау несиелер үшін арналған. Субсидиялау бірінші кезекте фермерлердің ет пен сүт өндіретін мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, бағбандық, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бизнестерін дамытуға және лизингпен АӨК саласы арнайы техникаларын сатып алу үшін алынған ақшалай несиелерге жасалады. Айта кетейік, аталмыш мемлекеттік қолдау «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
Камила Амирова