• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Қасымов: Соңғы үш жылда қылмыс саны азайды 10.10.2014

Отырысқа ІІМ орталық аппаратының, ҚР Ұлттық ұланның, өңірлік Ішкі істер департаменттерінің басшылық құрамы қатысты, деп хабарлады ведомство.

Министр соңғы үш жыл ішінде алғаш рет қылмыстың азаю көрсеткіші байқалып отырғанын атап өтті. Қылмыстың көп түрі, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық шабуыл, өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандар, бұрын сотты болғандар жасаған және көшеде жасалған қылмыстардың да азайғанын айтты.

Іс-шарада қылмыстық заңның, қылмыстық сот ісін жүргізудің, әкімшілік құқық бұзушылықтар және қылмыстық жазаларды атқару жүйесі туралы жетілдірілген заңнаманың жаңа нұсқасы жағдайындағы өңірлердегі жұмыстардың дайындық барысына ерекше маңыз берілді.

«Тергеу, әкімшілік полиция және қылмыстық-атқару жүйесінің басшылары жаңа кодекстердің күшіне енуіне байланысты қылмыстарды ашу және тергеу жұмыстарына елеулі өзгерістер енгізу қажеттігі және дайындық жұмыстары туралы баяндама жасады», - делінген хабарламада.

Алқа отырысының қорытындысында министрліктің орталық аппарат қызметтерінің және өңірлік департаменттердің басшыларына қарастырылған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Back to the list