• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысында  өсімдік шаруашылығы өнімінің  көлемі 2020 жылға қарай 2 есеге дейін артады (Брифинг бейнебаяны) 10.10.2014

«Өсімдік шаруашылығын негізгі үш бағыт бойынша дамытуды жоспарлап отырмыз: 2020 жылға қарай суармалы жер көлемін 40 пайызға дейін арттыру, ылғалды ұстап тұрушы технологиялар пайдаланылатын алқапты 6,5 есеге дейін көбейту және жаңбыр суымен және тамшылатып суарылатын алқап көлемін 5,6 есе көбейту жоспарланған. Нәтижесінде, 2020 жылға қарай өсімдік шаруашылығы өнімі 2 есеге ұлғаяды», - дейді әкім.

Айта кету керек, 2011-2013 жылдары тексеріс пен инвентаризациялау шараларын жүргізу барысында өңірден 547 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер анықталған. Оның ішінде егістік алқабы көлемі 169 мың гектарды құраған.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолға алынған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қорға 457 мың гектар жер қайтарылды. Тағы 173 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта берілді.

Индира Қауметова


Back to the list