10.10.2014
«Алдағы жылдары аграрлық секторға инвестиция тартуға ерекше мән берілмек. Яғни, өңірдегі ірі қара малды көбейту мақсатында Малайзия мен Венгриядан шетелдік инвестиция тартылады. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойынан шағын 83 сүт-тауар фермасы салынбақ», - дейді әкім.
Әкімнің айтуынша, Жамбыл облысында 145 сүт қабылдау пунктін ашу жоспарда бар. Биыл «Тараз» ӘКК 27 қабылдау пунктіне арналған 117 млн теңгенің құрылғысын сатып алды.
Индира Қауметова