10.10.2014
«Аграрлық сектор стратегиялық басымдылыққа ие сала ретінде қала береді. Осы сала бойынша өңірде тұрақты даму байқалады. Жалпы, биыл Жамбыл облысы ауыл шаруашылығының алқабы 2013 жылмен салыстырғанда 7%-ға артып, 580 мың гектарды құрады», - дейді әкім.
Айта кету керек, соның ішінде 157 мың гектар суармалы жер болса, бұл көрсеткіштің былтырғыдан 1 пайыз артқаны байқалады.
Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы 8 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 5 пайыз төмендеген. Оған себеп құрғақ ауа-райы салдарынан егін шығымының 2 есеге дейін төмендеуі.
Индира Қауметова