10.10.2014
Жас кәсіпкерлер Форумы – кәсібін жаңа бастаған және кәсіп саласында бұрыннан жүрген кәсіпкерлерге арналған пікірталас алаңы. Екі күннің ішінде қатысушыларға бір алаңда өз бизнесің ұйымдастыруға бағытталған қажетті ақпараттар ұсынылып, құралдармен қамтамасыз етіледі.
Форумның мақсаты – жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін үздіксіз қызмет жасайтын арнайы платформа құру, жастар арасындағы бизнес бастамаларды дамыту және бизнес қауымдастығы мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту. Аталмыш жоба жас бизнесмендер мен кәсібін енді ғана бастаған жастарға арналған.
Форум серіктес іздеу, бизнес, оған мемлекет тарапынан жасалатын қолдау, кәсіпті дамыту мәселелеріне қатысты түрлі сауалдарға жауап алуға ерекше мүмкіндік береді.
Аталған шара жұмысына еліміздің әр түкпірінен жиналған 300 астам жас кәсіпкер қатысады.