09.10.2014
Ұлттық холдинг компанияны қайта ұйымдастыру мен функцияларды қайта үлестіру мәселесі бойынша жұмыстар атқаруда.
«Қазіргі таңда Парламентте үлескерлерді қорғау мен үлескерлік құрылыс туралы заң қаралуда. Осының аясында біз Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп үлескерлік жоспарларын сақтандыру қорларын қайта құру жолдары қаралуда. Егер кісі үлескерлік құрылысына қатысатын болса, онда аталмыш қор кепілдік пен сақтандыру керек. Үлескер үйді ала алу үшін құқықтарын қамтамасыз ету керек», - дейді Қ.Бишімбаев.
«Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында аутсорсингке беру бойынша 26 байқаудың өтпей қалғанын көріп отырмыз. Біз құрылыстан біржола кетіп, тендермен айналысуды тоқтатпақшымыз. Егер әлеуметтік аз қамтылған адамдарды баспанамен қамтамасыз ету керек болса, бізге тіпті екінші нарықтан болса да үй сатып алу мүмкіндігін беріңіздер», - дейді ол.
Өз кезегінде ұлттық холдинг басшысының айтуынша, аталмыш функцияны жергілікті атқарушы органдарға табыстау керек. «Олар жергілікті құрылысшыларды біледі, осылайша мәселені ретке келтіреді», - дейді ол.
Камила Амирова