• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордалық кәсіптік-техникалық колледж маман даярлау бағытын өзгертті –әкімдік 09.10.2014

Елбасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырмасы бойынша   облыстық білім басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, аталмыш оқу орын мен әлеуметтік әріптес кәсіпорын арасында 4 жақты келісімшарттар жасалынып, «Тоңазытқыш сығымдағыш машиналары мен қондырғылары», «Тігін өндірісі мен киімді үлгілеу», «Радиотехника және байланыс», «Тамақтандыруды  ұйымдастыру» жаңа мамандықтары ашылды.

Қазіргі кезде білім ордасында 10 мамандық бойынша мамандар даярлануда. 2015-17 жылдар аралығында  «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру», «Шаштараз өнері және сәнді косметика» сынды тағы екі  жаңа  мамандық ашылады деп жоспарлануда.  Бүгінгі күні, оқу орны атауын  «Қызмет көрсету және сервис» колледжі етіп қайта құру құжаттары әзірленуде.

Облыс әкімі білім ордасының бірқатар зертханалық кабинеттеріне кіріп, материалдық-техникалық базасымен және оқу жүйесімен танысып шықты.

«Сіздер үшін еңбек ресурстары арнайы жасалынып, ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар белгіленді. Осы мамандықтардың  оқу-зертханаларын заманауи қондырғылармен жабдықтауға облыстық бюджеттен 106 млн теңге қаражат бөлінді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқу орны мұғалімдері Белоруссияның ұлттық кәсіптік білім беру институтында біліктілік арттыру курстарынан өтті. Сіздердің  еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман атануларыңыз үшін барлық жағдай жасалуда»,- деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, колледж басшылығы облыс әкімі алдына  оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және 100 орындық жатақхана, жаңа спорт зал мен зертханалық корпус салу мәселелерін көтеріп, қаражат қарастырылуын сұрады.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев өңір бюджетінен қаржы бөлінетінін жеткізіп, келесі оқу жылына дейін аталған жоспарларды аяқтауды тапсырды.

 


Back to the list