• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Бишімбаев: ҚДБ несиелік портфелі 2015 жылдың басында банк активінің 52% құрайтын болады 09.10.2014

«Қазақстанның Даму Банкінің несиелік портфелі 2013 жылмен салыстырғанда 57 пайызға көбейіп, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде 539 млрд теңгені құрады. Болжам бойынша 2015 жылдың басына қарай банк активінің 52%-ына жетіп, 732 млрд теңге болмақ», - дейді Қ.Бишімбаев.

Айта кетерлігі, ҚДБ стратегиясы несиелік белсенділікті 75 пайызға дейін арттыруды көздейді. Холдингтің қызмет еткен уақытынан бері Қазақстанның Даму Банкі 254,1 млрд теңгенің 19 жобасын қаржыландырды.

«2013 жылдың қорытындысы бойынша холдинг табысы рекордтық көрскеткішке жетіп, 29,4 млрд теңгені құрады. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында кіріс 12,3 млрд теңгені құрады. 2014 жылы барлық компаниялардың шығынға ұшырамауын күтіп отырмыз», - дейді ол.

Сонымен қатар, 2013 жылдың басымен салыстырғанда ұлттық холдинг активі 251 млрд теңгеге артып, 2,1 трлн теңгеге жетті.

«2014 жылдың 28 айындағы несиелік портфель барлық ұйымдар бойынша 979 млрд теңгені құрады.  Несиелік портфельдің өсімі 478 млрд теңге. Онда барлық қарыз түрі қамтылған. Тікелей инвестиция көлемін көрсететін инвестициялық портфель 9,3 пайызға артып, алғашқы сегіз айда 28,3 млрд теңгеге жетті», - дейді.

Камила Амирова


Back to the list