09.10.2014
Аймақ басшысы «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің мамандандырылған техника мен диспетчерлік қызметін қарап шықты, жылу жүйелерінің жұмысымен танысты, қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап шықты.
Сондай-ақ, облыс әкімі «Қарағанды Жарық» ЖШС бой түзеп жатқан «Жарық» бекетінің жұмысымен танысты, диспетчерлік қызмет пен «ЭнергоЦОНа» жұмысының барысын көрді.
Сонымен қатар, «Қарағанды Жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламасының тұсаукесері болып, соңынан күз-қыс маусымына электрлік жүйенің дайындығымен танысып қайтты.
Облыс әкімі сапар соңында тиісті мекеме басшыларына жылу беру маусымына дайындық барысын бақылауды күшейтуді тапсырды