• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақкөл ауданында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы  бойынша 6126,7 мың теңге игерілді 08.10.2014

ЖҚЖК бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 3 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды, оның ішінде: бірінші үлесті несие – 49239,7 мың теңгенің 2 жобасы, 3 жұмыс орнын құрады. Екінші үлесті несие – 40945,1 мың теңгенің инфрақұрылымдық жобасы 5 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Екінші бағыт бойынша бағдарламаның 15 әлеуетті қатысушысы білім алып, Астанадағы «Парасат Консалтинг» ЖШС сертификатына ие болды. Олар білім алған соң «Ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау» АҚ-на шағын несие алу үшін бағытталды. Шағын несие 20 әлеуетті қатысушыны қамтитын болады. 11 қатысушы 26,9 млн теңгенің шағын несиесін алды», - делінген хабарламада.

Үшінші бағыт бойынша 14 адам оқытылды: 9 қатысушы қайта кадрлық дайындаудан өтті, 1 оқуын жалғастыратын болды. Қаржыландыру қаржысы – 1392,4 мың теңге. Оның 1364,7 мыңы немесе 98 пайызы игерілді.

Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына 67 қатысушы бағытталды. Қаржыландыру құны 3222,0 теңгені құрайды. Оның 3078,0 мың теңгесі игерілді.

Жастар тәжірибесіне 31 адам бағытталды. Қаржыландыру құны 1952,0 теңгені құрайды.

Айта кетерлігі, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 мүгедек жұмысқа тұрып, 1 қайта кадрлық айындықтан өтіп, бағдарламаның 1 қатысушы несие алды. 


Back to the list