08.10.2014
Облыс бойынша жалпы астық жиыны 3953,9 мың тоннаны құрайды. Өңірдегі егіннің шығымы гектарына 11,6 центнерден. Ал егіннің жалпы шығымы бүгінгі таңда 40,8 мың тоннаны құрайды, оның шығымы гектарына 7,2 центнерден келеді.
«Астықты орғаннан кейінгі өңдеу жұмыстары егістік алқаптың қалпын сақтайтындай етіп өңдеу, орылған астықты сақтау мен сапасын жоғалтып алмауға бағытталған. Ору науқанынан кейінгі жұмыстардың толық айналымына астықты қабылдау мен сұрыптау, тазалау, кептіру мен желдету жұмыстары жатады», - делінген хабарламада.
Ақкөл ауданында «Еңбек» ЖШС 9000 тоннаға дейін астық және егін өнімдерін құрғату, тазалау мен сақтай алады. Аталмыш жобаның құны 184,9 млн теңге. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылы кешенге электр желісі тартылып, 5,8 млн теңгеге инфрақұрылым жасалынды.
Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша қамбаға 8261 тонна астық әкелінген. Қосымша тағы 5 жаңа жұмыс орны ашылған. Жоба бойынша инвестицяны игерудің пайыздық көрсеткіші 100%, техникалық дайындық көрсеткіші болса 100% деңгейінде.