08.10.2014
Әкімнің айтуынша, бұл кәсіпкерліктердің дамуына теңдей жағдай жасап, өңір халқының әл-ауқатын көтеруге жол ашпақ, деп хабарлайды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
«Қостанай облысында көгілдір отын, электр қуаты, жанар-жағар май бағасының қымбаттығы байқалады. Бұл белгілі бір деңгейде өңірлер арасындағы кәсіпкерлікке жасалынған жағдайдың теңсіздігін көрсетеді. Сол себепті, менің ойымша, Ұлттық палата бізбен бірге осынау кедергіні жоюда жұмыс істесе дейміз. Біздің орташа айлық жалақымыз республикалық көрсеткіштен төмен. Бизнес те осы тұрғыда жұмыскерлер жалақысын көтере алмайды. Нәтижесінде өнім бағасы да қымбат болып отыр. Осылайша кәсіпкерліктің дамуына кедергі туындап отырғаны рас», - дейді әкім.
Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасының 11 айлық жұмыс қорытындысын баяндай келіп, ұйым директоры Мұрат Әбенов осы уақыт аралығында кәсіпкерлерден күрделі мәселелері бойынша 356 хат түскенін, соның 55-і шешілгенін айтты.
Өз кезегінде Қостанай облысы әкімінің айтуынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқасында жергілікті атқарушы органдар айтарлықтай көмекке ие болып отыр.
«Алғашқы тәжірибе оң нәтиже берді. Енді жұмыс бағыттарын айқындау керек. Бизнесті басқармасы Палатадан бүгінгі таңда үлкен демеу көріп отыр. Палата жұмысы бүгінгі таңда тікелей Елбасы назарында болғандықтан, оның жұмысы кәсіпкерліктің дамуында үлкен мәнге ие», - дейді әкім.