• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда антисанитарлық жағдайларды анықтау үшін апатты нысандарды паспорттау жүргізілуде – ҰЭМ 07.10.2014

«1-ші қыркүйекке дейін паспорттау жұмыстарын жасап, санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін 237 апаттық нысанды анықтадық. Аталмыш нысандар санитарлық-эпидемиологиялық қатерлер өз алдына, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Осы нысандардың бүгінгі таңда 164-не жұмыс істеуге тыйым салынды. Өйткені соттың олардың қызметін тоқтатуға қатысты шешімдері бар. Тағы 73 нысан бойынша материалдар сот қарауында немесе бұрын берілген ескертулерді орындаулары тексеруде жатыр», - дейді ол.

Оның айтуынша, апаттық себептерге байланысты тағы 33 нысан санитарлық талаптарға жауап бермейді, осының кесірінен халықтың ішек инфекциясы мен вирусты гепатитке шалдығуы мүмкін.

«Жедел ішек инфекциясына 2011-2013 жылдар аралығында тек Алматы облысы бойынша ғана 173 адам, жедел дизентерия бойынша Атырау облысында 14 адам, сонымен қатар Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында су желісі нысандары микробиологиялық көрсеткіштер талаптарына жауап бермейді. Егер республикалық орташа көрсеткіш 11,2% деңгейінде болуы тиіс болса, жоғарыда аталған облыстарда бұл көрсеткіш 5 пайыз деңгейінде. Сонымен қатар,  судың санитарлық-химиялық талаптарға сай келмеуі Атырау мен Қызылорда облыстарында да ушығып тұр», - дейді ол.

Индира Қауметова


Back to the list