• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы қаласы Құтқару қызметінің паркі жаңа тікұшақпен толықты 07.10.2014

Қала әкімі Ахметжан Есімов Алматының еліміздің ең ірі мегаполисі екендігін, сондықтан Құтқару қызметінің арнайы техникалармен, қазіргі заманғы қондырғылармен қамтамасыз етілуі маңызды екендігін жеткізді.

«Ми-8АМТ жаңа тікұшағы төтенше оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсетуді мүлктіксіз орындау үшін өте қажет. Болашақта Алматының Құтқару қызметінде тікұшақтар саны артатын болады», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы қаласы Құтқару қызметіне берілген Ми-8АМТ тікұшағы Улан-Удэнің авиация зауытында құрастырылады, ол «Вертолеты России» холдингінің құрамында, келісім 2013 жылы жасалған. Машина қосымша қондырғылармен жабдықталған, соның арқасында іздеу-құтқару, адам мен жүк тасымалдау жұмыстары жүзеге асады.

 

 


Back to the list