07.10.2014
Үш күн ішінде қатысушылар бизнес-жоспар құрып оларды жүзеге асыруға тәжірибелік машық алды, деп хабарлады ҰКП.
«Бірінші күні қатысушылар бизне-идеяларын таныстырды, екінші күні құрамаларға бөлініп, бизнес-жоспар мен тұжырымдама дайындауға кірісті. Бұл орайда қатысушыларға қаржы,маркетинг, пиар, компьютерлік технология саласының мамандары жәрдемдесті. Сондай-ақ, қатысушыларды crush-тесттер сынады, ол жобалардың өміршеңдігін тексереді. Сәтті деп танылған жобалар әділқазылар алқасына берілді», - делінген хабарламада.
Қорытынды бойынша 300 мыңның сертификатына, яғни бірінші орынды «Эко Брум» командасы алды, олар қолданылған бөтелкелердің көмегімен сыпырғыш дайындау жобасын таныстырды. Екінші орынды, яғни 200 мың теңгелік сертификатты «Алтын жүн» құрамасының қатысушылары алса, 100 мың теңгелік үшінші орынды «Ақылды жарық» командасы қанағат тұтты.
«Бұл жарыста ең бастысы ақша емес, оларды кез келген нәрсеге жұмсауға болады. Қатысушылардың тәжірибе алғаны маңызды. Ал кейіннен, сәтті жобалар «Atameken-angels» клубы инвесторларының назарына түсіп, 50 долларға дейін несие ала алады», - деді «Атамекен-стартап» ҚҚ жетекшісі Нұрлан Тазабеков.
Айта кетейік, «Atameken Startup» байқауы Ұлттық палатаның қолдауымен қоғамдық қор ретінде құрылды, ол жастар кәсіпкерлігін дамыту мен насихаттау мақсатында үшінші жыл қатарынан өтуде. Осы уақыт ішінде ұйымдастырушылар 20 қаланы аралады, байқауға 5000 адам қатысты.