• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы мен ШҚО ынтымақтастықты кеңейтуде 07.10.2014

Алматы күнін мерекелеуді ұйымдастыруға іскерлік және саяси элита өкілдері, екіжақтың бизнес қауымдастықтары қатысады.

Облыстық орталықта Алматы қаласының тарихы туралы «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты фотокөрме өтеді. Оған мәдени астананың музей қорларынан алынған суреттер қойылады.

Сондай-ақ, Өскеменнің мектептерінде Алматы қаласының ұстаздары ашық сабақтар мен мастер-класстар өткізеді. Денсаулық сақтау саласында мамандарға арналған консультативтік-диагностикалық қызмет бойынша кеңестер өткізу жоспарланған.

Шара аясында «Алматы мен ШҚО бизнес ынтымақтастығының әлеуеті» бизнес-форумы өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қаржы институттарының конструктивті алаңы болмақ.

Мерекелеу күндері металлургтердің мәдениет сарайында өтеді. Салтанатты гала-концертке ҚР мәдениет қайраткерлері, театр және операның майталман мамандары, «Сазген Сазы» ансамблі қатысады.

 


Back to the list