• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстаулық кеденшілері бюджетке 144,2 млрд теңге кіріс түсірді 06.10.2014

«Кедендік төлем жинағы кедендік әкімшілікті жақсарту есебінен кедендік органдар тарапынан жүзеге асырылып отыр. Облыстық департамент арқылы күн сайын ел бюджетіне орташа есеппен жарты миллион теңгеге дейін қаражат түседі. Орта есеппен әр кеденші өз жұмысы арқылы мемлекеттік қазынаға шамамен 400 млн теңге кіргізген», - деп хабарлайды департамент.

Өңірдің кедендік орган қызметі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған және сыртқы экономикалық қызметтер қатысушыларының бөгелуін қысқартуға негізделген. Бұл өз кезегінде өткізу пунктерінде кедендік процедураларды орындау уақытын қысқартып, тауарды декларациялау үлесін арттыруға жол ашты.

«ҚР Кедендік органдардың басты міндеттемесі республикалық бюджетке төлем мен салықты түсіруіне жұмыс істеу. Жалпы републикалық бюджеттің үштен бірінен артығы сыртқы сауда түсімінен келетіні анық. Соны ЕАЭО құру шарттарында іске асыру үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға деген қажеттілік бар. Осы міндеттемені жаңғырту аясында отандық кедендік органдары да алдарына мақсат етіп қойып отыр. Ол үшін эволюциялық қадамдарды қолға алуда. Осылайша Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру шаралары жеделдей түседі», - дейді Маңғыстау облыстық КБД басшысы Сырым Дыңбаев.

Оның айтуынша, кедендік саясатты іске асыру барысында ҚР-да елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық шаралары орындалып, азаматтар дер кезінде кедендік заңнаманың өзгерген тұстарынан хабардар болуда.


Back to the list